ОҚИМЫН ДЕП САУСАҒЫНАН АЙЫРЫЛДЫ
Бангладеш тұрғыны жоғарғы оқу орнына түспек болған әйелінің оң қолының саусағын шауып тастаған. Енді ол ұзақ ұзақ мерзімге сотталады, деп хабарлайды Вести.РУ.
Отыз жастағы Рафикуль Ислам әйелі Хавы Ахтердің жоғары білім алуына бұған дейін де қарсы болған екен. БАЭ-дегі көп гастарбайтердің бірі болып отбасын асырап жүрген ол Бангадешке оралысымен әйелінің оң қолының бес саусағын шауып тастаған. Оның туыстарының бірі дәрігерлер қайта тігіп бермеуі үшін кесілген саусақтарды қоқыс құбырына тастай салған көрінеді.
Енді Рафикульді өмір бойы түрмеге кесілу жазасы күтіп тұр. Басылымның жазуынша әке-шешесінің үйіне оралған Хава Ахтер білімін жалғастыру туралы ойынан айнымапты.
Соңғы уақыттары Бангладеште білімді әйелдерге зорлық көрсету оқиғалары жиілеп кеткен. Жуырда ғана осы ел тұрғынының бірі жергілікті университетте сабақ беретін әйелінің Канадада білімін жалғастыру туралы ойымен келіспей, көзін ойып алған еді