ПОЛИЦИЯ ЖОЛБАРЫС ЖЕТЕКТЕГЕН АДАМДЫ ІЗДЕСТІРІП ЖАТЫР
Приморье полициясы көп адам жиналған жағажайда амур жолбарысын жетектеген азаматқа қатысты видеоны тексеруге кірісті, деп хабарлайды "Россия 24"
Бұл бейнеролик Находкада түсірілген екен. Онда жолбарысты жетегіне алған азаматтың жұртты суретке түсуге шақырып жүргені анық көрінеді. Кадрдан оның ешқандай қауіпсіздік шарасын қолданбағаны да байқалып тұр.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша жолбарыс бұл өңірге гастрольмен келген циркке тиесілі көрінеді.