МОСУЛ «ИСЛАМ МЕМЛЕКЕТІ» ӘСКЕРІНЕН ТОЛЫҚ АЗАТ ЕТІЛДІ
Ирактың әскери командованиесі басшылығы бүгін «Ислам мемлекеті» әскерін толық жеңгенін мәлімдеді. Тоғыз ай бұрын «ИМ» басып алған Мосул қаласы терреоистерден толық тазартылып, шаһар билігі ирактықтардың қолына өтті.
Мосулдың азат етілгені жөнінде осы қалаға арнайы келген елдің премьер-министрі Хайдер аль-Абаде айтты, деп хабарлайды "Российский Диалог". Оның айтуынша «ИМ» құрамындағы террористердің ақырғылары сенбі күні жойылған.
Абаде мұны үлкен жеңіс деп атады. Оның айтуынша ДАИШ-қа қарсы күреске тек әскерилер ғана емес бейбіт тұрғындар да үлкен үлес қосқан.