ЖҰМЫССЫЗ ЖІГІТ МИЛЛИОН ЕВРО ҰТЫП АЛДЫ
Франциядағы Гар департаментінің жұмыссыз тұрғыны лотореядан 1 млн. евродан астам қаржы ұтып алды. Бұл туралы Ouest France басылымына сілтеме жасаған РИА Новости хабарлайды.
Қырық жастағы азамат шылым сататын киоскідегі My Million лотореясына 5 евро тіккен екен. Ол өзінің ұтысы 4 евродан аспайды деген сенімде болыпты. Ал аяқ асты байлыққа кенелгенін сатушыдан естіген.
"Ол өзінің аты-жөні тұсына «джекпот» деген сөздің неге жазылып тұрғанын сұрады. Сол сәтте мен оған мол ұтысқа ие болғанын айттым, — дейді киоск иесі Стефан Лорка.
Шылым сатушы ірі ұтыс иеленген жігітті Парижге шығарып салыпты, ондағылар бір аптадай тексеріп, оның қолына 1 млн еуродан астам қаржының чегін ұстатыпты.
Бақытты жанның есімі мен ұтысын қалай, қайда жұмсайтыны жайлы ештеңе айтылмайды.