ҚАРА ТЕҢІЗГЕ ҚОЛТЫРАУЫН ШОМЫЛДЫРҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПҚА ТАРТЫЛАДЫ. ВИДЕО
Ресей Федерациясының Краснодар өлкелік прокуратурасы мен полициясы Қара теңізге қолтырауын шомылдырған азаматқа қатысты істі тексеруді бастады, деп хабарлайды Газета.Ru.
Желіге салынған видеода мойнына қарғыбау байлаған қолтырауынын теңізге түсіріп тұрған адам бейнеленген. Бұл көріністі қызықтаған демалушылар қатарының көптігі білінеді, олардың арасында балалар да бар.
Кранодар өлкелік прокуратурасы оқиғаның нақты қай жерде болғанын тексеруді бастапты. Олар қолтырауын иесінің жауапқа тартылатынын айтып отыр. Газета.Ru бұл оқиғаға байланысты жергілікті тұрғындардан ешқандай арыз-шағым түспегенін атап өткен.