ОҢТҮСТІК АФРИКАДА АДАМ КЕЙІПТЕС ҚОЗЫ ТУДЫ
Қозы туған Леди-Фрер өңірі тұрғындары "жартылай адам, жартылай жануарға" ұқсайтын құбыжықты қорқынышты өмірдің басы деп есептейді. Бұл туралы Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Олардың ойынша, құбыжықты зоофилия мен сиқырдың көбеюіне байланысты жындар жіберген.
Ветеринарлық қызмет директоры бір қарағанда өлі туылған қозының адамға ұқсайтынын растағанмен, оның зоофиляға еш қатысы жоқ дейді. Маманның ойынша, жануар Рифт-Валли безгегін жұқтырған, сол себепті осындай қорқынышты құбыжық дүниеге келген.
Еске сала кетейік, осыдан сәл ғана бұрын Үндістанда адам баста бұзау туып, жергілікті жұрт оны Құдайдың жіберген бір белгісіне балап еді. Осындай наныммен туа сала өлген бұзаудың денесіне табынушылар жер-жерден ағылып келгендер күрт көбейген.