«ИСЛАМ МЕМЛЕКЕТІ» ЖЕТЕКШІСІНІҢ ӨЛІМІ ЖАЙЛЫ АҚПАРАТ ТЕКСЕРІЛІП ЖАТЫР

Террористердің басшысы Раккидің оңтүстігінде өткен жиындардың бірінде ажал құшуы мүмкін. Әуе күштерінің соққысынан Ибрагим Абу-Бакра аль-Бағдадиден бөлек ИМ-нің әскери кеңесіне кіретін шенділер мен 330 терроршы қаза болған. Қорғаныс министрлігі дерегінше олардың арасында Ракки «әмірі» Абу аль-Хаджи аль-Мысри мен Ибрагим Ан-Наеф аль-Хадж, Ракки мен Эс-Сухне аралығын бақылап отырған Сүлейман Аль-Шауах бар. .
Әл-Бағдадидің шын есімі — Ибрагим Абад Ибрагим әл-Бадри. Алғаш рет көп алдына 2104 жылдың шілдесінде шықты. Сол тұста ИМ басып алған Мосулда Таяу Шығыста «Ислам халифатының» құрылғанын да хабарлаған осы әл-Бағдади еді. Содан бері БАҚ бірнеше мәрте оның оққа ұшқаны жайлы хабар таратқанымен оның барлығы жалған болып шыққан.