ҚАРСЫЛАСЫН ҚАРАУЛЫҚПЕН ҚҰЛАТҚАН КИКБОКСЕРГЕ ЖАНКҮЙЕРЛЕР ЖАБЫЛЫП КЕТТІ. ВИДЕО
Бұл оқиға Францияда голландиялық Мертел Грюнхарт пен армян спортшысы Арут Григорян жекпе-жегінен кейін болған. Өз бұрышына беттей берген қарсыласын ту сыртынан ұрып құлатқан Мертелге рингке атып шыққан екі жігіт тап берді, деп хабарлайды mmamania.com.
Видеодан Мертелдің тізесі басына тиген Аруттың өз бұрышына бет алғаны анық көрінеді. Бірақ төрешінің жекпе-жекті тоқтатпағанын пайдаланған голландық оны ту сыртынан келіп жанай ұрып құлатады. Іле-шала рингке атып шығып, Грюнхартты сабай жөнеоген екі жігітті турнирді ұйымдастырушылар әзер тоқтатты.
"Бұл спорт. Спортта кез-келген жағдай болуы мүмкін. Бірақ эмоцияны сақтай білген абзал", — деді жекпе-жектен кейін жанкүйерлерден таяқ жеген Мертелдің өзі.