СОҢҒЫ ИМПЕРАТОР - ФРАНЧЕСКО ТОТТИ
Есімі «Рома» футбол клубымен бірге айтылатын Тотти өткен апта Дженоа матчынан кейін футбол карьерасына нүкте қойды kerekinfo.kz/.
Тотти доппен тоғыз айлығында танысыпты Өсе келе қатарлары мультфильм көріп отырғанда, ол үнемі доп қуалап жүретін. Тіпті добын құшақтап ұйықтап та қалатын кездері болған екен. Шешесі уәдесінде тұрып, 1984 жылында 8 жасында, ағасы Риккардо екеуін Fortituda командасына жаздырады. Бәрі жақсы еді. Бірақ бір ойында ағасы Риккардоның аяғы 3 жерден сынады. Көз алдында болған бұл оқиға Тоттиды қамшылай түсті. Fortituda-да өзін танытқан ол 2 жыл Smit Trastevere, 3 жыл Lodigiani секілді командаларда доп тепті. .
Бір күні дайындыққа Миланның скауттары келеді. Дайындық біте салысымен скауттар бапкердің қасына келіп алтын шашты бала туралы сұрақтарды жаудырады. Франческо Тотти ең алғаш көзге осылай түсті.
Скауттар Тоттиды «Миланға» алдырудың дайындықтарын бастап кетеді. Оқу қаржысы, жататын жер және Италияның ең мықты клубтарының бірінде ойнау мүмкіндігі кімді де болса қызықтыратын еді.
Бірақ шешесі қарсы шығады. Оны қасынан жібергісі келмеді. Рим клубтарының да оны байқауға көп уақыты кетпеді. Алдында екі таңдау бар еді: «Лацио» немесе «Рома». Тотти кейінірек ол таңдауды былай түсіндіреді: Әке-шешем Рома немесе Лационың біріне бара алатынымды айтады. Артынан шешем мен жақсы көретін клуб «Романы» таңдады.
1989 жылы арманы орындалып «Романың» жасөспірімдер командасына трансфер болады. Жартылай қорғаушы, форвардтың артындағы ойыншы, итальяндықтардың “trequartista” деп атайтын голға жақын 10 номерлі позицияларда ойнады. 16 жасына дейін жастар командасында ойнаған Тоттиды бапкерлер бір саты жоғарылатуды ойлап, дубль командасына көтереді. Көтерілгені соншалықты, Тотти тоқтауды білмейді. 1993 жылында 17 жасында команда бапкері серб Вуядин Бошков күннен-күнге көп жаттығып жүрген Тоттиды негізгі құрамға шақырады.
Көктемнің салқын бір кеші, Қарсылас — Брешиа еді. Табло 87-минутты көрсеткенде формасының артында «Totti» деген жазуы бар формасымен ол ойынға қосылды. Тотти ол күнді "Өмірімдегі ең маңызды сәт" деп айтады.
Карло Маццоне «Ромаға» бапкер болып келген соң Тотти матчтарға көбірек шығатын болады. 1994 жылы қыркүйектің төртінде әлі 18 жасқа толмаған алтын шашты бала алғаш мәрте бастапқы құрамнан орын алады. «Фоджа «командасымен ойналған ашылу матчында қақпа сызығының сыртынан өзіне келген допты сол аяғымен теуіп гол салады. «Одан кейінгісі есімде жоқ» дейді Тотти.
Тоттидың талантын байқаған тек қана клуб басшылары емес. Ұлттық құраманың U-18 категориясының бапкері Чезаре Мальдини «Рома» дублінде ойнап жүрген сәтінен бүгінге дейін киген Италия формасын кию үшін 1995 жылы Европа U-18 жасөспірімдер турниріне апарады. Тотти сол турнирде тамаша ойын көрсетіп, финалда бір гол соқса да Испаниядан 4-1 есебімен жеңіледі. Жеңілген командадан болса да мачтың адамы болып таңдалады.
Тоттидың карьерасындағы маңызды сәттің бірі 1997 жылы «Ромаға» бапкер болып Зденек Земанның келуі еді. Ол шабуылдайтын команда жасақтап, ол командада Тоттиге сенетінін айтады. Земан оның ойынды оқитын ақылын, стандартты доптарды ойнатуда шеберлігін, фантазиясын және жігерінің барын бірден байқады. Тотти де Земанның 4-3-3 форматына ыңғайланып, екі маусымда 30 гол соғады.
Олимпиада стадионында ойыншыға бұрын соңды болмаған бір махаббат сезілетін. Әр матчта ойыншыға баннер ашатын жанкүйерлер Тоттидың жасына да қарап «Кішкентай ханзада» деп лақат ат тағады. Ол да бұл лақап атқа лайық болып 1998-99 сезонының соңында Италияда ең жас ойыншы таңдалады және жасына қарамай команда капитаны болуға дейін көтеріледі. Тоқсан минут тоқтамай қолдайтын жанкүйер тобы бар болса, Тоттидің 90 минут алаңда жанын беріп ойнайтынын бәрі білетін.
Трибунадан келген баланың алаңдағы әрекеттеріне де әсері болуы керек еді және солай болды. «Рома» мен «Лационың» арасында өткен бір ойыннан кейін «Сендерді тағы да жоқ қылдым» мағынасына келетін “Vi ho purgato ancora” жазуын формасының астынан жанкүйерлерге көрсетуі Рома жанкүйерлерінің Тоттиге деген махаббатын еселей түсті.
2000 жылы жылдың ең жас ойыншысы жүлдесін жеңіп алған соң Капеллоның бапкерлігінде «Жыл футболшысы» жүлдесін иеленді. Лиганы жақсы жерде бітіре алмаған Тоттидың ойында басқа нәрсе бар еді. Ол –Euro 2000!
Белгия мен Голландия бірге ұйымдастырған турнирге баратын командаға аты алғаш болып жазылған Тоттидың ұлттық құрамадағы алғашқы тәжірибесі еді. Топтық ойындарда Белгияға, ширек финалда Румынияға, жартылай финалда Голлоандияға соққан голдарымен құрамасын финалға сүйреді. Финалда бұларды 1998 жылғы чемпион болған Франция күтіп тұр еді. Матчтың соңғы минуты, есеп 1-0. Бұлар Италия халқын қуантуға дайын еді. Бірақ Бартездің алға қарай асырған добын Сильвен Вильтор ұтымды пайдаланып, гол соғып матчта қосалқы тайм ойналатын болады. Кейін Тотти ол сәтті «Не болып жатқанын ойлап үлгергенімізше кубокты ұтылып қалған едік» деп айтады. Ертесі күні Италиядағы бүкіл газеттер «Барлығы үшін рахмет, Тотти және достары» деп жазып, күміс медальдің иесін де атап айтқандай болады.
Клубының жаңа келісім-шартынан бөлек, Европаның бүкіл ірі клубтары оны қалады. Сары шашты ханзада ешқандай келісім-шартқа қарамады. Клубының да. Оның ойында Капеллоның «чемпиондық» мақсаты бар еді. Тотти және достары сол жылы тарих жазуды қалады. 75 ұпаймен «Ювентусты» өтіп барып, чемпион болды.
2006 жылы әлем чемпионатының алдында Пеле сәуегейліктің шыңына шығады. «Кубокты Бразилия алса таң қалмаймын бірақ турнирдың жұлдызы Тотти болады" дейді футболдың қара маржаны. Кубокты Италия драмалық түрде жеңеді, Тотти де турнирдегі перформансымен Адзурридың жұлдызы болады
Әлем чемпионатынан кейінгі маусымда да бағы жанған Тотти 26 голмен карьерасында алғаш сұрмерген болады.
Қырыққа келмей жатып 25 жыл «Рома» үшін тер төккен Тотти карьерасын аяқтар кезде былай дейді: «Сізді трибунада көремін және мені тамашалап отырғаныңызды сеземін. Футболшы ретінде бүкіл карьерамды сіздерге арнадым. Сіздерге алғыс айтамын».