МӘСКЕУ: ДАУЫЛДАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР САНЫ АРТЫП ЖАТЫР
Мәскеуде болған дауылдың салдарынан қаза тапқандардың саны 11-ге, ал зардап шеккендердің саны 140 адамға жетті.
Осыған дейін 137 зардап шегушіге медициналық көмек көрсетілген. Олардың қатары әлі жалғасуы мүмкін.
Кеше түс ауа Мәскеуде нөсер құйып, арты дауылға ұласты. Қаланың әр аудандарында ағаштар мен жарнамалық қалқандар құлап, аялдамаларды жұлып кеткен.
Қазіргі дерек бойынша Ресей астанасындағы алапат дауыл 11 адамның өмірін жұлып кеткен.