КЕЗЕК БҰЗҒАН КЭМЕРОН ЕЛ КӨЗІНЕ ТҮСІП ҚАЛДЫ. ВИДЕО
Ұлыбританияның экс-премьері Дэвид Кэмерон Лондон дүкендерінің бірінде кезексіз нәски аламын деп ел көзіне түсіп қалды. Бұл туралы Daily Mail-ге сілтеме жасаған РИА Новости хабарлайды.
JD Sports дүкенінде жеңілдікпен сатылып жатқан нәски кезегіне тұрғандар өздерінің қасынан өтіп кеткен экс-премьерді байқап қалыпты. Оққағарларын ерткен Кэмеронның бұл әрекетін кезектегілердің бірі видеоға түсіріп алған.
Ол бұрынғы премьерге қатысты оқиғаға орай журналистерге сұхбат беріп "Кэмеронның мұнысы көргенсіздік. Ол елмен бірдей болуды ұмыта бастаған екен. Өңмеңдеп өшіреттің басына өтіп кететіндей кім ол?", — деп өкпесін де айтқан.
Кэмеронның бұл қылығы қазір әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.