ҚҰДАЙҒА ТЕЛЕФОН ШАЛҒАН ДІН ҚЫЗМЕТКЕРІ ЖҰРТҚА ЖАҒА ҰСТАТТЫ
Заманауи техникалық үдеріс көшіне ілескісі келген Зимбабве елінің пасторы өзінің ерсі қылығымен жамағатына жаға ұстатты. Ол мобильді телефон арқылы ...Құдайға қаңырау шалатынын айтты.
Дін қызметкері қоңыраудың нақты мекен-жайға түскенін анықтап алған соң, шіркеу келушілерінің бірінің мәселесіне байланысты гаджеттің ар жағынан жеткен пәтуәсын жеткізген. Таң қаларлығы, ол өзінде Құдайдың нөмері бар екенін ұялмастан мақтан етеді, деп жазады planetanovosti сайты.
Уақыты келгенде Жаратушының нөмерін жариялайтынын айтқан пастор, әзірге өзін телеарнадан жарнамалау үшін шіркеуге келгендерден ақша жинап жүрген көрінеді.
Ақнұр ЖАҒЫППАРОВА