ИТАЛИЯ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ 103 ҚОРҒАНДЫ ЖАЛҒА БЕРМЕК
Италия билігі 103 тарихи нысанды жалға беруді жоспарлап отыр. Олардың ішінде: қорғандар, сарайлар, шіркеулер мен жер меншігі бар.
Италия астанасында дәл осындай 103 тарихи нысан бар. Барлығы дерлік пайдаланусыз жатыр деуге болады. Билік оларды таратып беру арқыды туристер ағынын молайтып, қаржы табуға болады деген ойда.
Бірақ, жылжымайтын мүлік оны қорғап қала алатындарға ғана беріледі. Жаңа иесі ғимаратты жөнге келтіріп, туристерді шақыруы тиіс. Сол аумаққа мейрамхана, дүкен, спа салондар ашуына болады.
Мұны туризм саласын дамытудың стратегиялық жоспары деп атады. Бұл оң нәтиже береді деп сенеді.
stan.kz