СОЛТҮСТІК КОРЕЯ...КҮНГЕ ҒАРЫШКЕР ҚОНДЫРҒАНЫН МӘЛІМДЕДІ

КХДР телеарнасы адам ақылына сыймайтын осы жаңалықты тарата отырып, ғарышкердің Күнге түн жамылып ұшып барып келгенін айтады. Еліне аман-есен оралған ғарышкерді жуырда КХДР басшысы Ким Чен Ын қабылдайтын көрінеді.
Бірақ, әлем халқы бұл жаңалықты Ким Чен Ын басқарған елдегі билік жүйесінің кезекті сандырағы деп қабылдап отыр. Олар осыған дейін де түрлі саладағы жетістіктері туралы адам баласының ақылына сыймайтын жаңалық таратып, күлкіге қалған еді.
Күн ғаламшарының алғашқы қабатының температурасы Цельсий бойынша 5726 градусқа жетеді. Мұндай қызуға тірі жан иесі шыдап тұра алмасы анық. Оның үстіне Жер мен Күннің арасы 149 млн. шақырым.
Айтпақшы, NASA 2018 жылы Күн ғаламшарына Solar Probe Plus зондын жіберуді жоспарлап отыр. Жоспар бойынша Күнге дейін 7 жыл ұшатын құрылғы оған 6 млн шақырым ғана жақындай алады.