ҒАЛЫМДАР БИЫЛ АПТАП ЫСТЫҚ БОЛАТЫНЫН АЙТАДЫ
Биыл жалпы Жер шары табиғаттың тосын мінезіне толы болып тұр. Жыл басында ыстық пен суық алмасып, елді әбден әбігерге салды. Алда не болмақ?. Осыған байланысты әлемдік метеорология ұйымы болуы мүмкін жағдайларға болжам жасап көріпті, деп хабарлайды nation-news.ru
Ғалымдар табиғаттағы тосын құбылыстар қатарында Перуде болған су тасқынынын еске салып өтті. Аяқ асты болған апат жүздеген адамның өмірін жалмаған еді. АҚШ-та жауған тауық жұмыртқасындай бұршақ та бұрын-соңды байқалмаған құбылыс.
Биыл да осындай оқиғалар аз болмайтын сияқты. Метеорологтар осы жылы жер шарындағы үш өңірді аптап ыстық буып, құрғақшылық болатынын айтып отыр.