КОРРУПЦИЯҒА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ ӨКІЛІНІҢ БУНКЕРІНЕН 6 ДЖИП ПЕН АҚША ТОЛЫ ҚАП ШЫҚТЫ
Тәжікстанда коррупцияға қарсы қызметтің аға тергеушісі Фирдаус Ниёзбадалов тергеліп жатыр. Оның әке-шешесінің Бустон қаласындағы (бұрынғы Чкаловск) үйін тінту кезінде мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің өкілдері құпия бункерден 6 Джип пен ақша мен алтын толы қап, бағалы тастар тапқан, деп хабарлайды "Ахбор" агенттігі.
Басылым Ниезбадаловтың қауіпсіздік кеңесінің бұрынғы хатшысы Амиркул Азимовтің күйеубаласы екендігін жазады. Өз әкесі Абдугаффор Ниёзбадалов та осал емес, бұрын Соғды облысы прокурорының орынбасары қызметі атқарған.
Тергеушілердің айтуынша үлкен Ниёзбадалов тінту кезінде бункерге апаратын жолды өз еркімен көрсеткен. Ал оқиға куәгерлері особняктан доллар толы қаптар мен қымбат көліктер, бағалы тастар шыққанын көрген.
Қауіпсіздік қызметінің өкілдері бұған дейін Фирдаустың ағасы Алишер Ниезбадаловтың үйіне тінту жүргізген. Ходжент қаласы прокуратурасының тергеушісі болып қызмет атқаратын оның үйінен де біраз бағалы дүние шыққан. Сол кезде Алишер бұл құнды заттардың інісіне тиесілі екендігін айтқан еді.