ЖУРНАЛИСТІ «ИМ» МЕРГЕНІ ОҒЫНАН КАМЕРА ҚОРҒАП ҚАЛДЫ
Біраз елде тыйым салынған «Ислам мемлекеті» террористік ұйымының мергенінің оғынан Ирак журналисін кәдімгі экшен-камера сақтап қалды. Аммар Альваели есімді журналисті көздей атылған оқтың камераға тиген сәті YouTube арнасында жарияланды.
Репортерлар тобына жасалған шабуыл Ирактағы Мосул қаласының аудандарының бірінде болған. «Алла! Аммар, сен ажалдан аман қалдың, бауырым», — деп таңғалады Альваелидің жанындағы журналист.
Өткен жылы әлем бойынша 74 журналист қаза тапқан. Олардың көпшілігі соғыс жүріп жатқан аудандарда оққ ұшыпты. Журналистер үшін Сирия, Ауғанстан, Мексика, Иран мен Йемен аса қауіпті аумақ болып отыр. Былтыр осы өңірлерді 50 БАҚ өкілі өлім құшқан.