БЕРМУД ҮШТАҒАНЫНДА ҰШАҚ ЖОҒАЛДЫ

Ұшақ бортында 4 адам: Skylight Group компаниясының бас директоры Дженнифер Блумин, оның ондағы және төрттегі 2 ұлы, отбасының танысы Натан Ульрих болған.
Әуе кемесі Пуэрто-Рикодан дүйсенбі күні жергілікті уақыт 18:00-де ұшып шығып, 21:00 шамасында онымен байланыс үзілген.. Ұшақ бұл кезде Багам аралдарынан 60 шақырым қашықтықта болған екен.
ABC7NY хабарлауынша жерге адамдарсыз құлаған ұшақтың сынығы Эльютер аралынан 24 шақырым жерден табылыпты. Жағалау күзетінің қызметкерлері қазір бортта болған төртеуді іздестіріп жатыр.
Флоридадағы Бермуд үштағанында осыған дейін де талай мәрте теңіз және әуе кемелері із-түзсіз жоғалып кеткен еді. Бұл құбылыстың сырын ауа райынан іздейтіндер бар. Енді бірі оны жатжерліктердің ықпалымен байланыстырады.