УКРАИНА «ВКОНТАКТЕ» ЖЕЛІСІНЕ ТЫЙЫМ САЛДЫ
Украина аумағында Ресейдің Mail.ru Group және «Яндекс» компаниялары жұмысына бүгіннен бастап тыйым салынды.
Үш жылға созылатын бұл тыйымды Украинаның ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі «Арнайы экономикалық және басқа да тыйымдарды пайдалану» атты ел президенті Петр Порошенко қол қойған Жарлыққа сәйкес бекітіп отыр. Rbc.ru таратқан ақпаратқа сәйкес бұл тыйым 468 ресейлік және украиналық компания мен 1228 жеке тұлғаға қатысты.
Жұмысына тыйым салынған компания қатарындағы Mail.ru Group-тің «ВКонтакте» (vk.com) желісі Еуропадағы ең ірі әлеуметтік желі саналады. Әлемдегі үздік бестік қатарында тұрған желіде биылғы есеп бойынша 410 млн аккаунт тіркеліп тұр.