ЧЕСКЕ-БУДЕЕВИЦЕ СТАЛИНДІ ҚҰРМЕТТІ АТАҚТАН АЙЫРДЫ
Чехияның оңтүстігіндегі Ческе-Будеевице қаласы әкімдігі атақты Иосиф Сталинді «Қаланың құрметті азаматы» атағынан айырды. Шаһар билігінің шешімімен бұл атақ кезінде Чехославакия коммунистік партиясының жетекшісі болған Клемент Готвальдқа да тиесілі болмай шықты, деп хабарлайды kp.ru.
Бұл шешімді Ческе-Будеевиценің қалалық кеңесіндегі 39 адамның 23-і қолдаған.
«Кеңес отырысында түрлі пікірлер айтылды. Біз шешімді қолдағандарға да, қарсыларға да ойларын айтуға мүмкіндік бердік», – дейді қала мзрі Йиржи Свобода.
Оның айтуынша, Готвальд пен Сталин «Қаланың құрметті азаматы» атағын 1945 жылы алған.
«Елуінші жылдардан кейін ғана бұл екеуі туралы ақиқат айтыла бастады. Менің ойымша бұлар қала халқы құрмет тұтар тұлғалар емес», — дейді Свобода.
Айтпақшы, соңғы рет Ческе-Будеёвиценің құрметі азаматы атанғандардың бірі ғарышкер -әйел Валентина Терешкова.