ЖАҢА ТУҒАН НӘРЕСТЕНІ ТЕРЕЗЕДЕН ЛАҚТЫРДЫ
Ресейдің Владивосток қаласында жаңа туған сәбиін терезеден лақтырып жіберген 26 жастағы әйелге қарсы қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды РИА Новости.
Жүктілік кезінде ол ешқандай емханаға тіркелмеген және дәрігерге қаралмаған. Өз бөлмесінде босанып, шарананы терезе арқылы көшеге тастай салыпты.
Сот-медициналық сараптамасы сәбидің тірі туғанын анықтапты. Бірақ жарық дүниеге келе сала терезеден тасталған шарана сол жерде жан тапсырған.
"2017 жылдың 14 мамырында З. Космодемьянская көшесінің бойындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан пакетке салынған сәби денесі табылған. Көп ұзамай оны туған әйел де нақтыланды. Қазір жантүршігерлік қылмысты қиналмай жасаған оның ақыл-есінің дұрыстығы тексерілуде", — делінген өлкелік тергеу басқармасының хабарламасында.