МЕЙРАМХАНАДАН ТАПСЫРЫСЫН АЛУҒА ТІКҰШАҚПЕН КЕЛДІ
Осы елдегі 9NEWS телеарнасының хабарлауынша бұл оқиға қаланың солтүстік-батысындағы аудандардың бірінде болған. «Мейрамхана алаңына қонған тікұшаққа таңқалмаған адам қалмады» делінген телеарна таратқан ақпаратта.
Австралия азаматтық авиациясына қарасты қауіпсіздік басқармасының мамандары тапсырысын тікұшақпен келіп алған азамат заңдылықты бұзды деген пікірде. Ол қонардан бұрын мейрамхана иесінен рұқсат сұрамаған көрінеді.
Қазір осы оқиғаға байланысты тергеу басталыпты.