ПАЙҒАМБАРҒА ЕЛІКТЕГЕН ПАСТОР ҚОЛТЫРАУЫНҒА ЖЕМ БОЛДЫ
Иса пайғамбарға еліктеп, су бетімен жүріп өтпек болған шіркеу қызметкерін қолтырауындар жеп қойды, деп жазады шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап Sputnik Қазақстан.
Дін қызметшісі Джонатан Мтетва Иса пайғамбар жасаған ғажайыптардың бірін қайталап, қолтырауындар мекендейтін су бетімен жүріп өтпек болған. Куәгерлердің айтуынша, пастор суды кешіп 30 метрдей жүреді де, жағаға қарай кері қайтады, сол кезде үш қолтырауын дін қызметшісіне тап берген. Құтқарушылар келіп жеткенше, қолтырауындар шіркеу қызметшісін жеп қойған. Болған оқиғаны көзімен көргендердің айтуынша, оның аяқ киімі мен киім-кешегін ғана табылыпты.