СОЛТҮСТІК КОРЕЯ ЗЫМЫРАНЫ РЕСЕЙ ШЕКАРАСЫНА ЖАҚЫН АУМАҚҚА ҚҰЛАДЫ
Ресейдегі зымыран шабуылын ескерту жүйесі кеше Мәскеу уақытымен 23:30 –де КХДР тарапынан ұшырылған баллистикалық зымыранның ел шекарасына жақын аумаққа құлағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Вести.Ру.
Ресей қорғаныс министрлігі таратқан ақпаратта зымыранның Жапон теңізіне құлағаны айтылады. Бұл осыған дейін де соғыс жағдайына келтірілген Қиыр Шығыстағы әуе қорғаныс күштерінің дайындығын нықтай түскен.
Федерация Кеңесінің қорғаныс істері жөніндегі комитеті төрғасы Виктор Озеровтің айтуынша КХДР-дің Ресейді көздемегені анық, бірақ мұндай оқыс жағдайға әскер дайын болуы керек.