ҚҰРАНҒА ТІЛ ТИГІЗГЕН ГУБЕРНАТОР СОТТАЛДЫ
Индонезия соты Джакартаның губернаторын Құранға тіл тигізіп балағаттағаны үшін екі жыл түрмеге жабуға үкім шығарған. Бұл туралы Daily Sabah басылымына сілтеме жасаған muftyat.kz хабарлайды.
Бес адамнан тұратын топ мүшелері Джакартаның Басуки Ахок Тджахаджа Пурнама есімді губернаторын «сенімді түрде асылық танытқаны үшін айыпты» деп тауып, қамауға алуға бұйырды.
Үкім шығарылғанда өзін байсалды ұстап, сот шешіміне қарсы апелляциялық шағым беретінін айтқан. Ол жедел түрде түрмеге қамалды, Джакартаны уақытша орынбасары басқаратыны айтылды.
Шыққан тегі қытайлық губернатор өткен жылы өзінің сайлау алдындағы науқанында Құранға тіл тигізгені үшін сот алдына келген болатын. Сол кезде оның сөздері Джакартада бірқатар жаппай қарсылық тудырған еді.
Губернатордың екі жылға бас бостандығынан айырылып, түрмеге жабылуын ешкім күтпеді десе де болады, өйткені прокурорлар оған шартты түрде екі жыл беруді сұраған екен.