ХАКЕРЛЕР ҮШІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫС БОЛАТЫНЫН АЙТАДЫ
Anonymous деп аталатын хакерлер тобы Ютуб желісіне видео жариялап, онда үшінші дүниежүзілік соғыстың ауылы алыс еместігін айтқан.
Хакерлер пікірінше АҚШ пен КХДР арасындағы қайшылық Корей жартыаралынан тұтанатын үлкен қантөгістің басы болмақ.
«Бұрынғыларға қарағанда бұл ауқымды және өте жылдам өтетін соғыс болады», - делінген хабарламада.
Anonymous бұл пікірге дәлел ретінде жуырда ғана Американың баллистикалық Minuteman 3 зымыранын сынақтан өткізгенін және Жапон билігінің болуы мүмкін ядролық шабуылға дайындала бастағанын айтады.
Сонымен қатар олар Қытай шенеуніктерінің өз азаматтарына Солтүстік Кореяны тастап шығу туралы ұсынысын да тегіннен тегін жасалып отырған жоқ деп байлам жасайды.