ТАБЫТТА ТУҒАН ӘЙЕЛ
Өмірде ақылға сыймайтын жағдайлар болады. АҚШ-тың Торонто штатында болған мына оқиға соның бірі.
Жергілікті емханаға бара жатқан жүкті әйел көлік апатына ұшырап, ауруханаға жеткізіліпті. Дәрігерлер қанша тырысқанымен оның өмірін сақтап қала алмайды. Олардың әйелдің де, оның құрсағындағы жеті айлық шарананың да өлімін тіркегеннен басқа амалы қалмапты.
Келесі күні оны жерлеу үстінде жаңа туған баланың іңгәлағаны естіледі. Табыт ішінен естілген бұл үнге құлақ түргендер оны ашып қалғанда өз көздеріне өздері сенбепті. Осыдан 23 сағат бұрын өліп қалған және 17 сағат мәйітхана мұздатқышында жатқан әйелден туған шарана тым әлсіреп қалған екен. Әйелдің өлімін тіркеген дәрігер «Мен 22 жыл дәрігер болғанда мұндай жағдай туралы көрмек түгілі естіген емеспін. Бұл адам сенбейтін ғажап оқиға» депті.
Тым әлсіз болып туған сәби 4 ай бойы инкубаторда жатты. Жұрттың қаумалауынан қауіптенгендіктен әйелдің де, одан туған сәбидің де есімдері, жалпы осы отбасы туралы дерек жария етілмей, құпия ұсталады.