РЕСЕЙДЕ БАЛАСЫ АЗ ОТБАСЫЛАРҒА САЛЫҚ САЛУ ҰСЫНЫЛДЫ

Құжатта бала тәрбиелеу ісіне жұмсалған уақытты еңбек өтіліне жатқызу, оларға тегін жер телімін беру, тіпті баласы аздарға салық салу ұсынылып отыр, деп хабарлайды «Известия» газеті.
Авторлар сарапшылар қауымдастығы өкілдерін қатыстыра отырып жасалған бұл заң жобасы жүзеге аса қалған жағдайда елдегі 1,5 млн көпбалалы отбасы мәселесі түбегейлі шешіліп, 2030 жылға қарай демографиялық ахуал жақсара түседі деген сенімде.
— Заң жобасы Ресей президентінің 2012 жылғы 7 мамырдағы «Ресей Федерациясында демографиялық саясатты жүзеге асыру шаралары» жайлы № 606 жарлығына сәйкес жасалып отыр,— дейді Юрий Крупнов.
Бірақ осы елдегі әлеуметтік-саяси тұрақсыздықтағы тәуекелдерді бақылау зертханасының орынбасары Андрей Коротаев отбасында бала саны аз азаматтарға салық салу туралы идеяны жүзеге асыру мүмкін еместігін айтып отыр. Оның айтуынша, бұл салық түрі баласы жоқ отбасыларды заңға қарсы қоюдан басқа ештеңе әпере қоймайды.