САУД АРАБИЯСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕЛЕАРНАСЫ АНГЕЛА МЕРКЕЛДІҢ ШАШЫН БҰЛДЫРАТЫП ТАСТАДЫ
Жуырда осы елге сапар шеккен Германия канцлері Ангела Меркель сапар аясында король Салман ибн Абдул-Азиз Әл-Саудпен кездескен болатын, деп хабарлайды Stаn.kz.
Ол осы елге бармастан бұрын басын орамалмен бүркеп алудан бас тартқан. Ал елдің мемлекеттік телеарнасы болса Меркелдің орамалсыз басын монтаж арқылы “жауып”, бұлдыратып тастаған.
Сауд Арабиясындағы ірі телевизиялық каналдардың өзіндік саясаттары бар. Мәселен, 4shbab деп аталатын телеарна әйелдерді эфирден мүлдем көрсетпейді.
Тағы бір Alhurra арнасы Шығыс елдері мен Африканың 22 еліне тарайды. Ол толықтай араб тілінде екеніне қарамастан, ол өз қызметкерлерінің де, қонақтардың да сырт келбетіне қатысты қандай да бір шектеу қоймайды.