ГЕРМАНИЯДАҒЫ МУЗЕЙДЕН 367 ГАУҺАРЫ БАР ТӘЖ ҰРЛАНДЫ
Германиядағы Баден-Вюртемберг қаласындағы музейден жалпы құны 1,2 млн. еуро болатын тәж ұрланған. Бұл туралы Баден полициясына сілтеме жасаған Рамблер.ру хабарлады.
Бір қызығы, қымбат тәждің нақты қай күні ұрланғанын ешкім дөп басып айта алмай отыр. Бірақ ұрлық болған сәтте дабыл істемегені белгілі болды, сондай-ақ, құлып та бұзылмаған.
Үш жүз алпыс жеті гауһары бар тәж 1864-1952 жылдары өмір сүрген Баден ханшайымына тиесілі болған.
Бұған дейін де Берлиндегі Боде музейінен 100 келілік алтын монета ұрланған болатын. Құны 3 700 000 еуро болатын монетаны қолды қылғандар терезе арқылы кіргені анықталды.