ДАНИЯ БИЛІГІ БЕС ИМАМНЫҢ УАҒЫЗЫНА ТЫЙЫМ САЛДЫ
Дания билігі осы елде уағыз айтуына тыйым салынған бірнеше мұсылман дін қызметкерлерінің тізімін жариялады, деп хабарлайды /muslim.kz.
Аталмыш тыйым екі іске қатысты көтерілген, сондай-ақ алдағы уақытта қажеттілік туындаса оның мерзімі ұзара түспек. Қара тізімге Сауд Арабиясының екі азаматы, Сирияның бір азаматы, сондай-ақ, Канада мен АҚШ азаматтары кірген. Иммиграция және интеграция ісі министрлігінің мәліметінше, қара тізімге ілінген азаматтар діни араздық тудырған.
«Әсіредіншіл уағызшылар біздің елдің демократиялық құндылықтарына, Дания азаматтарының құқықтары мен еркіндіктеріне нұқсан келтірді» делінген министрлік мәліметінде.