САРАҢ ӘЙЕЛ 9 МЫҢ ДОЛЛАРДЫ ЖҰТЫП ҚОЙДЫ
Колумбияның 28 жастағы тұрғыны бұрынғы азаматтық күйеуімен 9 мың долларды бөліскісі келмегендіктен жұтып қойды. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.
Ол шамамен жүз долларлық купюраның тоқсанын жеп қойған. Оның мұндай қадамға баруына ірі көлемдегі ақшаны күйеуімен бөліскісі келмегені себеп болыпты.
Ақша жұтып қойған келіншек дереу дәрігерге хабарласады. Мамандар ақшаның біраз бөлігінің жарамсыз болып қалғандығын анықтады. Ал 5,7 мың долларды әлі де пайдалануға болады.
Осы ел прокуратурасы ақшаның ерлі-зайыптының бұрынғы ортақ мүліктерін сатудан түскенін ескеріп, сараң келіншекті жазалаған жоқ.
Комментарии 1