ҚЫТАЙ ЖЕМҚОРДЫ ЖАЗАСЫЗ ҚАЛДЫРМАЙДЫ
«Жемқорлық – қоғамды аздыратын жегі құрт» дегенді жиі айтамыз. Бұл бағытта біраз бағдарлама да қабылдап тастадық. Тіпті соңғы уақыттары жең ұшынан жалғасып, елдің несібесін жегендер көбірек көгенделіп те жүр. Бірақ бұл тамырын тереңге жіберген жат әдеттің желкесін қиюға аздық етеді.
Коррупциямен күресіп жүрген жалғыз біз емес. Барлық мемлекет те осы жегі құртты болдырмауға, алдын алуға мүдделі. Бірақ, жемқорларды жазалауда Қытайдан асқан мемлекет әзірге болмай тұр.
Қытайда жемқордың бар мүлкі тәркіленгенгеннен бөлек оған өлім жазасы кесіледі. Қазынадан алып, қалтаға салғыш жемқор атылғаннан кейін оған жұмсалған оқтың шығынын туыстары төлейді.
Егер соттың мейірі түсіп айыптыны аяй қалса, оның жазасын 25 жылға ауыстырады. Бірақ, бұл өте сирек кездесетін жағдай. Ондайға ие болғандар өмір лотореясын ұтып алған болып есептеледі.
Қалай? Тым қатал емес пе?... Ал сіз қандай жаза ұсынар едіңіз?