МЕССИДЕН АЙНЫМАЙТЫН ИРАНДЫҚ ЕЛДІ ТАҢҒАЛДЫРУДА
29 жастағы Тегеран тұрғыны Риза Перестес Лионель Мессиден аумайды. Өзі де аргентиналық футболшыға еліктейді екен. Бірақ ешқандай пластикалық ота жасатпаған. Тек сүйікті футболшысының имиджін жіті бақылауда ұстайды. Бұл туралы Vesti.kz басылымына сілтеме жасаған tengrinews.kz хабарлайды.
Риза Перестеске туысқандары мен достары әлдеқашан Месси деп ат қойған. Көшеден көргендер де таңданыстарын жасыра алмайды екен. Ал әуежайда жұрт қолтаңба сұрап, кезекке тұрған сәттер де көп болыпты.
Ризаның Мессиден айырмашылығы - артық салмағында. Ол жақын күндері салмақ тастауды жоспарлап жүр екен.
Айта кетейік, Қазақстанда да Мессиге ұқсайтын адам бар екені өткен жылы ақпарат құралдарында жазылған. Қарағандының Кирилл Овчинников есімді тұрғынын аргентиналық футболшыға ұқсататындар көп. Бірақ ол футболға қызықпайды. Және өзінің даңқты футболшыға еліктемейтінін айтқан.