«АЛТЫН ПУТИН» САТЫЛЫМҒА ШЫҚТЫ
Корей халықтық-демократиялық республикасында коллекционерлер «Алтын Путин» монетасын сатылымға шығарды.
Осы елдегі орталық банк шығарған монета "Авито" аукционы арқылы бес миллион рубльге бағаланып отыр. Монета 2004 жылы Ресей президенті Владимир Путин КХДР мемлекеттік қорғаныс комитетінің төрағасы Ким Чен Ирдің кездесуінің құрметіне шығарылған.
999 пробалы, бір келілік монетаның ресми номиналы 20 мың вон (1,2 мың рубльден сәл асады). Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша монетаның алғаш шыққан 10 данасын аты-жөнін жария қылмауды қалаған бір ресейлік кәсіпкер сатып алған екен. Содан кейін ашық саудаға шығып тұрғаны осы.
КХДР 2004 жылы да Владимир Путинтің құрметіне салмағы 31 граммдық күміс монета шығарған. Номиналы 20 вон болатын сол монетаның қазіргі бағасы 1 мың еуродан асты.
"Нумизматика" журналының бас редакторы Наталья Каштанованың айтуынша мұндай монеталар коллекционерлер үшін оншалықты табыс әкеле қоймайды. Кәдесый ретінде ғана бағалануы мүмкін.
Осыдан 2 жыл бұрын Камерунда да «Жыл тұлғасы» сериясы шеңберінде Владимир Путинге арнап 50 франк шығарылған еді. Қазір бұл Ресейде 2,5 мың рубльге бағаланады.