ЖЫН ИЕКТЕГЕН БАЛАСЫН 30 ЖЫЛ ЖАСЫРЫП КЕЛГЕН
Гуанси аймағындағы Бэйхай қаласында тоғыз жасында темір торға қамалған азамат бүгінде 39-ға толды, деп хабарлайды South China Morning Post.
Әке-шешесінің айтуынша бала 6 жасында үйден қашып кеткен. Біраз уақыт өткенде әлдебір бейтаныс адам баланы қайта әкеліп тастайды.
Осы оқиғадан кейін баланың үйден қашуы жиілейді. Қашып қана қоймай көршілерінің заттарын қымқырып кетуі де көбейе түскен оны әке-шешесі торға қамағанды жөн көріпті.Шешесі қамаудағы жігітке отыз жыл бойы тұрақты қарап, бар керегін тауып беріп тұрғандарын айтады.
Енді тиісті орындар өкілдері ұзақ жыл жұрт көзінен таса тірлік кешкен жігітті психиатриялық ауруханаға жатқызуды жоспарлап отыр.