ЛОНДОН МАРАФОНЫНА ГОРИЛЛА-АДАМ ҚАТЫСТЫ(видео)
Том Харрисон атты полиция қызметкері Лондон марафонына горилла костюмінде қатысып, жолдың негізгі бөлігін төртаяқтап жүріп өтті, деп хабарлайды Вести.РУ. Сөре мен мәре арасында алты күн жүрген ол осы арқылы ел назарын гориллаларды қорғауға аудармақ.
Марафонға маймылдың осы түрін қорғауға ақша жинау үшін ғана қатысқан Том 6 күнде ғаламтор арқылы 26 мың фунт стерлинг (шашамен 34 мың АҚШ доллары) тапқан. Ол бұл табысын Африка мемлекеттеріндегі гориллаларды қорғайтын Gorilla Organisation қорына аудармақ
29 сәуір күні мәреге жеткен Томның қасына маймыл костюміндегі 2 ұлы қосылған.
Осы акция үшін Хариссон бір апталық еңбек демалысын алыпты. Ол бір күнде шамамен төртаяқтап 10-12 сағат жүрген.