БАЛА ЕСІМІНЕ ЫҢҒАЙСЫЗ СӨЗ ҚОСУҒА ЗАҢМЕН ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ
Ресей президенті Владимир Путин бала есімін тіркеуде сандар мен тыныс белгілерін, қызмет пен боғауызды білдіретін сөздерді қолдануға тыйым салатын заңға қол қойды, деп хабарлайды РИА Новости.
Заңға сәйкес бала есімінде сандарды, әріптік-сандық мағыналарды, символдарды пайдалануға болмайды. Құжат сондай-ақ, бала тегі ата-анасының тегіне қарай қойылатынын көрсетеді. Егер әке-шешесі екі фамилияда болса, келісімге сәйкес солардың бірі қойылады немесе қосақтап беруге болады.
Еске салай кетейік, 2014 жылы Пермь өлкесінде туған балаға Люцифер Константинович Меньшиков деген есім қойған. Одан ертерек, 2002 жылы Мәскеуде дүниеге келген сәби есімі – БОЧ рВФ 260602 (аббревиатурасы "2002 жылдың 26 маусымында Воронин-Фроловтардың әулетінде дүниеге келген адамның биологиялық нысаны). АХАТ бөлімі бала есімін тіркеуден бас тартқан. Осыдан кейін баланың әке-шешесі Страсбург сотына шағымданған еді. Бірақ сол олардың арызын қараудан бас тартты. Ал балаға әлі күнге дейін құжат берілген жоқ.