ТАНЗАНИЯ ПРЕЗИДЕНТІ ЖАЛҒАН ДИПЛОММЕН ЖҮРГЕН ОН МЫҢ ШЕНЕУНІКТІ ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТТЫ

Президент қызметінен босағандардың орнын аз уақытта кәсіби мамандар басатынын айтады. Сондай-ақ, Магуфули жергілікті БАҚ басшыларына мемлекеттік қызметтен аластатылғандардың тізімін толық жариялауды тапсырды.
Өзі Танзания президенті болып сайланған 2015 жылдан бастап Магуфули ең алдымен мемқызмет қатарын тазартуды қолға алған еді. Ол жоғарғы биліктегі жемқорлық пен алаяқтықты осы арқылы жеңетініне сенімді болып отыр.