М. Веллер: ЖАҚСЫ ЖУРНАЛИСТ СИЫРДЫ ДА СӨЙЛЕТЕДІ
Ресейлік жазушы Михаил Веллер осыдан екі күн бұрын «Эхо Москвы» радиостанциясында өзінің қатысуымен болған оқиғаға бүгін түсінік берді. Журналист Ольга Бычкова жүргізетін «Особое мнение» хабарына қатысқан жазушы өзінің Франциядағы сайлау туралы пікірін бөле берген тілшіге микрофон лақтырып, бетіне су шашып кеткен болатын. Тіпті студиядан шығып бара жатыр Бычковаға қарата «Мал тектес ақымақ» деп анықтама бере кеткен, деп хабарлайды Вести.РУ.
Осы оқиғадан кейін радиостанцияның бас редакторы Алексей Венедиктов Бычковадан кешірім сұрамайынша М. Веллермен әріптестік байланысты үзетіндігі туралы мәлімдеме жасаған еді.
Веллер де бұл оқиға түсірілген видеоны әлеуметтік желілерге жариялап, жұрттан өз ісінің дұрыс не бұрыстығын талқыға салуды сұрады. Бұл сауалнамаға қатысқандардың 47 пайызы Веллердің ісі дұрыс деген пікірде, ал 45 пайызы тілшіні жақтап отыр. Видоны көрген жұрттың жеті пайызы ғана мәселені басқаша шешуге болар еді деген пікірде.
Сонымен қатар, жазушы «Московский комсомолец» басылымына берген сұхбатында радиотілшінің кәсіби деңгейі төмен деген пікірін тағы да нықтай түскен.
"Журналист телеграф бағанасынан да сұхбат алатындай болуы керек. Тіпті, жақсы журналист сиырды да сөйлетеді, ал ол нашар болса бақташының да тілін таппайды", — дейді ол.
Ол тілшісінің теріс қылығы үшін басшылары кешірім сұрамаса, «Эхо Москвы» радиостанциясына қарай аттап баспайтынын айтты.