РЕСЕЙДІҢ ҚИЫР ШЫҒЫСЫНДА СОҒЫС ЖАҒДАЙЫ ЖАРИЯЛАНДЫ
Солтүстік Корея баллистикалық зымыранын сынақтан өткізгенен кейін Ресейдің Қиыр Шығыстағы әуе қорғанысы күштері ұрыс жағдайына өтті деп мәлімдеді РФ қорғаныс және қауіпсіздік комитеті басшысының орынбасары Виктор Озеров. Бұл туралы http://qazaqtimes.com/article/10016 хабарлайды.
«Біз Солтүстік Кореядағы жағдайды мұқият бақылап отырмыз. Қазіргі таңда Ресей Федерациясының Қиыр Шығыстағы әуе қорғанысы күштері жоғары деңгейдегі әскери дайындық үстінде» деді Виктор Озеров РИА Новостиге берген сұхбатында.
Кеше жұмадан, сенбіге қараған түні Солтүстік Корея өзінің баллистикалық зымыранын сәтсіз сынақтан өткізгендігі жайында ақпараттараған болатын. Бұл бірінші сәтсіз сынақ емес, бұған дейін 16-шы сәуірде Пхеньянның тағы бір зымыраны діттеген жеріне жетпей жарылып кеткен еді.