АЙ БЕТІНДЕ ЕСКІ ҚҰРЫЛЫС ҚАЙДАН ЖҮР?
YouTube-те Streetcap1 есімімен танымал белгілі уфолог әлеуметтік желілерге Айда тіршілік иесінің бар екендігін дәлелдейтін бейнематериалдар салуын жалғастыруда деп хабарлайды esoreiter.ru. Streetcap1-дің өз саласындағы белгілі маман екендігін айта кетейік, тіпті оны былтыр ресейлік деректі фильм кинематографистері Марс туралы түсірілетін жобаларға да шақырған.
Уфологтың бұлайша ізденуіне өткен ғасыр соңында ғарышқа ұшқан АҚШ астронафтарының Ай бетінің біз ойлағандай елсіз емес екендігі туралы пікірлері із салыпты.
Ол желіге жүктеген бейнематериалдардан Ай бетіндегі көне ғимараттардың сұлбасы байқалады. Және олардан жатжерліктердің өркениетке біз пайымдағаннан да жақын болғанын байқаймыз. Бұл материалдарды үнемі бақылап отырған мамандардың көпшілігі ертеде Ай жан-жақты дамыған елдің мекені болғанын айтады. «Жер бетіндегіден де жақсы сақталып, сынын бұзбаған мына құрылыс белгілері солардан қалуы әбден мүмкін» дейді олар.
Бұл құбылысқа өзге де зерттеушілер үн қосып жатыр. Олардың дерегінше Ай ежелден жатжерліктердің ұясы болған. Ал мына құрылыстар басқа планетадан келген келімсектер аялдайтын уақытша тұрақ болған деседі олар. Тіпті, бұл Жермен байланыс жасаған ежелгі марсиандардан қалған белгі дейтіндер де бар.
Ең бастысы, уфологтың бейнематериалдарына пікір білдіріп жатқан мамандардың ешқайсысы оның қолдан жасалмағанына сенімді. Өйткені, барлығы да Ай бетінде тіршілік барына сенімді. Ал мына видео деректер соны дәлелдей түседі.