АҚШ ҒАЛЫМДАРЫ: АЛЫП АСТЕРОИД ТІРШІЛІКТІ ТАС-ТАЛҚАН ЕТЕДІ
АҚШ ғалымдары күллі тіршілік үлкен қауіптің алдында тұрғанын айтып, дабыл қағып жатыр. Олардың айтуынша осы жылдың 12 қазанында Жер шарында үлкен бір өзгеріс болмақ, деп хабарлайды Вести.РУ.
Жерге қарай жүйткіп келе жатқан алып астероидттың видеосын жариялаған НАСА мамандары «Ақырзаман дегеніміз осы. Осы күн әлемнің соңғы сәті болуы мүмкін» деген болжам жасап, жұртты шошытып қойды. Олар бұл астероид тіршілік атаулының тас-талқанын шығарады деген ойда.
Осы күні алып ғарыштық нысан Жерден 2 миллион қашықтықта өтпек. Ғалымдардың зерттеуінше астероидтар соңғы 400 жылдан бері Жерге мұншалықты жақын ұшпаған.
Осыған дейін де бірталай елдің ғалымдары ақырзаман келетінін айтып, әлемді әбігерге салған еді. Құдай сақтағанда олардың бұл болжамы орындала қойған жоқ.