ФРАНЦИЯДАҒЫ САЙЛАУҒА 3 КҮН ҚАЛҒАНДА ПАРИЖ ОРТАЛЫҒЫНДА АТЫС БОЛДЫ
Салдарынан бір полицей қаза тауып, екеуі жараланды. Оқиға орнынан өтіп бара жатқан шетелдік азаматша жеңіл дене жарақатын алды, деп хабарлайды Ішкі істер департаментінің ресми өкілі Анри Бранде.
«Белгісіз біреу автокөлікпен күзет қызметі экипажының жанына тоқтап, полиция қызметкерлеріне оқ атты. Оқиға орнынан қашып кетпек болған ол тез арада қолға түсті», - делінген мәлімдемеде.
Ақпарат көзі: ТАСС