ҰЛТТЫҚ БАНК 2016 ЖЫЛҒЫ ҚР ЭКОНОМИКАСЫ ДАМУЫНЫҢ СЦЕНАРИЙЛІК НҰСҚАЛАРЫН ЖАРИЯЛАДЫ
Ұлттық банк Қазақстан Республикасы ақша-кредит саясатының негізгі бағыттарын дайындау шеңберінде экономика дамуының үш сценарийлік нұсқаларын қарастырады, деп хабарлады қаржы реттеушісінің сайты.
Қазақстан Республикасының экономикасына ықпал ету деңгейін ескере отырып, мұнайдың әлемдік бағасының орташа жылдық деңгейі ақша-кредит саясатын әзірлеу кезінде сценарийлік нұсқаларға бөлудің негізгі өлшемі болды.
«Макроэкономикалық ахуал дамуының үш сценарийі қарастырылды, ол бір баррель үшін 35, 30 және 20 АҚШ доллары болатын Brent сұрыпты мұнай бағасының деңгейін көздейді. Базалық сценарий ретінде бір баррель үшін 30 АҚШ доллары сценарийі қабылданды. Қазақстан Республикасы ақша-кредит саясатының негізгі көрсеткіштерінің болжамдары төлем балансының болжамдарымен келісілді», делінген хабарламада.
2015 жылы іске асырылған теріс сценарийлер елдің макроэкономикалық ахуалына 2016 жылы теріс ықпал етуін жалғастырып отыр. Теңгенің құнсыздануы инфляцияның негізгі іске асырылған тәуекелі болып табылады. Бірақ шығарылымның теріс айырмасына (шығарылымның нақты көлемі өзінің әлеуетті деңгейінен төмен болады) себепші болатын төмен тұтынушылық сұраныс және іскерлік белсенділік инфляцияның өсуін шектейді. 2017 жылы жаңа экономикалық жағдайға бірте-бірте бейімделу байқалатын болады. Ол экономикалық белсенділіктің қалпына келуімен қатар жүреді, оның қарқындары экономиканы қолдауға және долларсыздандыруға бағытталған мемлекеттің тиімді саясатына байланысты болады.
«Ортамерзімді болжам үшін сценарийлерде көзделген сыртқы алғышарттардың өзгеруі, оның ішінде мұнай бағасының күтпеген өзгеруі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының негізгі сауда әріптес елдеріндегі макроэкономикалық ахуалдың өзгеруі негізгі тәуекел болып табылады.
Бірінші сценарий әлемдік экономика дамуының баяу, бірақ бірте-бірте дамуын көздейді. Осы сценарий шеңберінде 2016 жылы мұнайдың бір баррель үшін бағасы 35 АҚШ долларын құрайды деп көзделіп отыр. Осы сценарийге сәйкес қызмет көрсету теңгерімінің айтарлықтай тапшылығы сақталған және шетелдік инвесторларға кірістер төлеген кезде тауарлар таза экспортының үштен бірге төмендеуі күтіледі. Нәтижесінде, ағымдағы шоттың тапшылығы ІЖӨ-нің 4%-ға жуығын құрайды», - деп хабарлайды Ұлттық банк.
Ағымдағы шоттың тапшылығын қаржыландыру Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сыртқы активтерін пайдалану есебінен, сол сияқты тікелей шетелдік инвестициялардың және бұрын жасалған кредиттік шарттар бойынша инвестициялардың әкелінуі есебінен қамтамасыз етіледі.
Ақша ұсынысы кеңеюінің қарқындары номиналды ІЖӨ өсуінің қарқындарына сәйкес келеді, бұл монеталандыруды болжанып отырған кезеңде 2015 жылғы деңгейде сақтауды қамтамасыз етеді.
Екінші сценарий шеңберінде мұнайдың орташа жылдық бағасы алдыңғы сценарийге қарағанда төмен деңгейде қалыптасады және бір баррель үшін 30 АҚШ долларын құрайды деп болжанып отыр.
Бірінші және екінші сценарийлерде іскерлік белсенділік пен тұтынушылық сұраныстың төмен деңгейде сақталуы, төлем балансы көрсеткіштерінің нашарлауы және ақша ұсынысы өсу қарқындарының төмендеуі күтіледі.
Ақша ұсынысының серпіні, бірінші сценарийдегі сияқты ІЖӨ-нің номиналды өсу қарқындарына сәйкес келеді, осының нәтижесінде болжану кезеңде монеталандыру деңгейі ағымдағы деңгейге қатысты өзгермейді.
Үшінші сценарий ортамерзімді перспективада әлемдік тауарлық және қаржы нарықтағы ахуалдың нашарлауы жағдайында пессимистік болжамдарды көздейді. 2016 жылы осы сценарий кезінде мұнайдың әлемдік бағасы бір баррель үшін 20 АҚШ доллары деңгейінде бағаланады.
Осы сценарий іске асырылған кезде Қазақстан Республикасының макроэкономикалық дамуының көрсеткіштері бірінші және екінші сценарийлермен салыстырғанда төмендеу болады.
Тауарлардың таза экспортынан түсімдердің айтарлықтай төмендеуі нәтижесінде ағымдағы шот тапшылығының кеңеюі қызметтер мен кірістер балансы тапшылығының айтарлықтай қысқаруы есебінен тежелетін болады. Тікелей инвестициялар әкелінуінің қысқаруы жағдайында ағымдағы шот тапшылығын қаржыландыру республикалық бюджетке кепілдік берілген және нысаналы трансферттердің көлемдері сақталған кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының активтерін пайдалану есебінен, сондай-ақ мемлекеттік сыртқы қарыз алу есебінен қамтамасыз етілетін болады.
Барлық сценарийлер кезінде жылдық инфляция жоғары деңгейде сақталады. 2016 жылғы екінші-үшінші тоқсандарда ол ең жоғары деңгейге жетеді, дегенмен, 2016 жылдың соңына қарай инфляцияның айтарлықтай төмендеуі күтіледі.