BRENT МҰНАЙЫНЫҢ БАҒАСЫ 50 ДОЛЛАРДАН АСТЫ
Brent маркалы мұнайдың бағасы былтыр 4 қарашадан бері алғаш рет барреліне 50 доллардан асты, деп хабарлайды BNews.kz.
WTI маркалы «қара алтынның» шілде айындағы фьючерстерінің бағасы да өткен жылдың қарашасынан бері ең жоғары шамаға көтеріліп, барреліне 49,88 долларға жеткен. Бұған Нью-Йорк тауар биржасындағы сауда-саттық мәліметтері дәлел.
«Қара алтынның» қымбаттауына АҚШ-та шикі мұнай қорының едәуір азайғаны туралы мәліметтер себеп болып отыр. Жақында АҚШ Энергетика министрлігі хабарлағандай, шикі мұнайдың коммерциялық қоры елде 4,2 млн баррельге азайған. Бензин қоры 2,0 млн баррельге, ауыр дистиллят 1,3 млн баррельге төмендеген.