ӘЛЕМДІК БАНК МАМАНЫ ЖЕРДІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСТЫ ӘЛЕУЕТІ ДЕП ЕСЕПТЕЙДІ
Шетелдік инвесторлардың пікірінше, Қазақстан өз аумағын шетелдік нарыққа шығару үшін көкөніс пен бақша өнімдерін өсіруге қолдана алады, ал жер республиканың басты әлеуетті. Бұл туралы Астанадағы экономикалық форумында Әлем банкінің Еуропа мен Орталық Азия бойынша басты экономисті Ганс Тиммер мәлімдеді, деп жазады Today.kz.
"Көптеген инвесторлармен әңгіме барысында азық-түлік өнімдерінің ресурсатрдан гөрі болашағы үлкен деген шешімге келгенімізді айтуым керек. Өйткені, адамдарда ақша молайған сайын, олар көбірек азық пайдаланатын болады, ал оларды өндіру үшін үлкен аумақ қажет. Климат өзгергендіктен бұл жерлерге сұраныс артады. Бұл мемлекет пайдалана алатын үлкен мүмкіндік", - дейді Тиммер.
Сонымен бірге маман жаңа Жібек жолы Қазақстан үшін Қытайда өндірілген тауарды Еуропаға жеткізу үшін бірегей мүмкіндік екенін жеткізді.
Географиялық орналасуы, жер көлемі, азық-түлік нарығында белгілі бір рөлге ие болу – мұның барлығын маман елдің инвестициялық әлеуеті мен қаржы салуға тартымдылыққа жатқызды.
Тиммер Қазақстандағы оқиғалар оған әсер еткенін атап өтті. Әңгіме Еуропа мен Солтүстік Америкадағы популизмнің артуы аясында болып жатқан елдегі тұрақсыздық жайында.
Естеріңізге салсақ, 25 мамырда "Жаңа экономикалық шындық: диверсификация, инновациялар және білім экономикасы" тақырыбындағы IX Астаналық экономикалық форумы басталды.
Сарапшылар мұнай бағасына деген болжамдарымен бөлісіп үлгерді. The Economist Intelligence Unit британдық басылымының басты экономисті Саймон Балтистің мәліметінше, мұнай бағасы барреліне 100 доллардан аспайды. 2020 жылға дейін бағалар тұрақты болады деп болжады маман. Сонымен бірге ҚР инвестиция мен даму министрі Әсет Исекешев Қазақстанда инвестициялық серпіліс күтіліп отырғанын айтты.