МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ЗЕЙНЕТКЕР ӨЗ БИЗНЕСІН АШТЫ
62 жастағы жеке кәсіпкер Шолпан Тәженова Қызылорда қаласында италиялық технологиямен жұмыс жасайтын химиялық тазалау цехын ашып, табысты кәсіп құрды. Өз бизнесін ашу жөніндегі жоспарын жүзеге асыру жолында кәсіпкерге Даму Қорының кепілдендіруі көмектесті. «Банк Центр Кредит» АҚ несие рәсімдеу үшін Шолпан Тәженоваға «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында 70% кепілдік берілді.
Шолпан Тәженованың сөзінше, зейнетке шықпас бұрын өз бизнесін жөнге қоюды ол ұзақ ойластырған. Көп жылдық қаржылық тәжірибесі бар кәсіпкер нарықты зерттеп, химиялық тазалау цехын ашуды қолға алды.
- Қаламыздың тұрғындарына химиялық тазалау қызметін бірнеше ғана салондар көрсетіп отыр, сондықтанда мен өз цехымды ашып, несие қаражатына жаңа заманғы италиялық құрал-жабдықтар сатып алдым. Біздің мекемеміз өз қызметін көрсеткелі аз ғана уақыт болса да, сапалы әрі кәсіби қызмет көрсететін тұрақты дамушы компания ретінде нарықтағы орнымызды алып үлгердік. Біздің басты мақсатымыз – тұтынушыларлың көңілінен шығу - дейді Шолпан Тәженова.
Қызылорда облысы бойынша «Даму Қоры» АҚ аймақтық филиалының кепілдендіру мен субсидиялау жөніндегі бас менеджері Нұрлан Туралиевтің сөзінше бүгінгі таңда «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында өңірімізде жалпы сомасы 346млн.теңгені құрайтын бизнес – жобаларды 20-дан аса зейнет жасындағы кәсіпкерлер жүзеге асырып отыр. Бизнесті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар зейнетке шыққан тәжірибелі мамандардың кәсіпкер санатына өтуіне мүмкіндік беруде.