СЫР КҮРІШШІЛЕРІ ЖАҺАНДЫҚ ӨНДІРУШІЛЕРМЕН БӘСЕКЕГЕ ТҮСУГЕ ДАЙЫН
Жер тегіс болмай, егін бітік шықпайды. Бұл сырбойылық шаруалардың басты ұстанымы, деп жазады «24 кз».
Жаңа технологияның көмегімен танаптар тақтайдай етіп тегістелуі тиіс. Жердің бабына барынша мән бергеннің арқасында өткен жылы өңір диқандары ақ күріштен тау тұрғызып, рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Қазір де қызылордалық шаруалар дәстүрлі сұрыптармен қатар Иран күрішін де егіп жатыр. Тың бастаманы Қармақшы ауданының еңбеккерлері жүзеге асыру үстінде.
Бұрынғы комбайншы Нұрлан Іздібаев жетекшілік ететін ұжым биылғы егін науқаны кезінде жаңа технологияларды кеңінен қолданып жатыр. 2 мың 200 тонна элита тұқымын 54 гектар жерге септі. Өнімнің сапасын арттырып, экспорттық әлеуетін жаңа деңгейге көтеруді мақсат еткен шаруашылық Ираннан әкелінген күріштің «Торам» сортын өндіріске енгізуді көздеп отыр. Іскер азамат 150-ге жуық жергілікті тұрғынды жұмыспен қамтып отыр.
Нұрлан Іздібаев, серіктестік басшысы:
- Иран мемлекеті 2 млн тонна күріш өндіреді екен. 900 мың тоннасын сырттан сатып алады екен. Сондықтан ол кісілерден ұсыныс түсіп, олардың күрішін біз егіп, өздеріне қайтадан сатуға мәмілеге келіп отырмыз.
Қызылордалық күрішшілерге Қытай мен Ресей басты бәсекелес болып тұр. Сондықтан нарық сұранысынан шеттеп қалмау үшін шаруашылықтар озық технологияларды меңгеріп, терең өңдеуді ерекше қолға алғаны жөн деп санайды сырбойлықтар.
Қазбек Болатұлы, қала тұрғыны:
- Қызылордалық болғаннан кейін біз күріштің жайын білеміз. Бәріміз осы күрішті жеп отырмыз. Мен оны құптаймын. Қауын-қарбызымыз да бар.
Ержан Байтілес, қала тұрғыны: - Сыр өңірі жерді еміп, жерден ырысын теріп отырған жұрт болғандықтан, комиссия жұмысына үлкен үмітпен қарайды. Және осы 75 азаматтан құралған комиссия жұмысы сәтті болады, жұрт көкейіндегі түрлі сауалдарға жауап алады деген ойдамыз.
Сыр күрішшілері жаһандық тауар өндірушілермен бәсекеге түсуге дайын. Ақмешіттің диқан қауымы Қызылорданың ақ маржаны төрткүл дүниенің сауда орталықтары сөрелерінен орын алатын күн жақын деп есептейді.