БІР ТАМШЫ СУ – ТЕҢІЗ-КӨЛГЕ ПАЙДА
Биылғы жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржыландыруының арқасында алғаш рет тамшылатып суару жүйесін орнатқан Қарағанды облысындағы «Поливное» фермер қожалығының басшысы Абдуахат Ибрагимов мол өнім алды.
Өткен жылы Қарағанды облысында әкімдік пен «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ арасында тамшылатып суару жүйесін енгізу бойынша пилоттық жобаны іске қосу туралы меморандумға қол қойылған. Соның шеңберінде өңір шаруагерлеріне бірегей талаптар ұсынылған: біріншіден, жабдық лизингі бастапқы жарнасыз берілді, ал кепілдікке жүйемен жабдықталған егіс алқаптары қабылданған. Екіншіден, облыс әкімдігі тамшылатып суаруға гектарына 150 мың теңге көлемінде субсидия белгілеп берді, ал сонда тұтас республика бойынша оның көлемі үш есе төменірек.
Жалпы алғанда, «Поливное» ФҚ белгілеген тамшылатып суару жүйесінің құны 17,8 миллионға түсті. Қаражат жылдық 12,8 пайызбен бюджеттен тыс көздерден бөлінді, оның 7 пайызын мемлекет субсидиялайды. Лизинг мерзімі – 5жыл. Тамшылатып суарумен фермер картоп, қызылша, сәбіз, қырыққабат, пияз сияқты көкөністерді өсіріп шығарды.
- Біздің шаруашылықтың жалпы егістік алқабы 360 га, ал тамшылатып суару жүйесін алаңы 44 га жерге орнаттық, - дейді «Поливное» фермер шаруашылығының басшысыАбдуахат Ибрагимов. - Көкөністердің түр-түрін өсіреміз - картоп, сәбіз, қырыққабат, пияз, қызылша. Тамшылатып суару жүйелері орнатылған жерлерде өнім жинау жұмысын әлі бастаған жоқпыз, дегенмен, гектарынан 40 тоннаға дейін картоп аламыз деп күтудеміз. Әрине, мелекеттің қолдауынсыз бұған біздің шамамыз келмеуші еді! Алты жылдай «тамшыға» көз салып, байқап жүрдік, шығындарды санап көріп,бір шешімге келе алмай жүрдік. Жердің әрбір гектары 3 мың долларға дейін барады ғой. Ал енді мемлекеттің қолдауымен, «ҚазАгроҚаржы» АҚ ұсынған лизингі арқасында біз өз ақшамызды салған да жоқпыз дерлік, әрі жоспарымыз шындыққа айналды. Жаңа технологияның экономикалық артықшылығын біз ендігі көрдік. Өнім шығымдылығын арттырудан басқа, ол суды да, минералдық тыңайтқыштарды да, тіпті солярканы да үнемдеуге мүмкіндік береді, өйткені егіс даласымен жаңбырлатқышты ерсілі-қарсылы айдап жүрудің қажеті жоқ болады. Сондықтан келесі жылы тамшылатып суарумен егіс алаңын тағы да 100-150 гектарға ұлғайтуды көздеп отырмыз.
Сонымен бірге, фермерлер үшін жобаның құнынан 30% көлемінде инвестициялық субсидия көзделген. Сондай-ақ, Қарағанды облысының бюджеті осы аталған қолдау құралдарының үстінен тағы да картопқа гектарына 4500 теңге , көкөніске -14500 теңге есебімен субсидия төлейді. Тұқым мен тыңайтқышты арзандатуға да субсидиялар бар. Біз сөзбен айтқанда, қолдау қарқыны күшті. Шаруагердің еңбек етуге, оның үстіне қазіргі заман технологияларды енгізе отырып еңбектенуге ниеті болса, ол үшін барлық мүмкіндіктері бар!
Тамшылатып суару жүйелерін орнатуды қаржыландыру – «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның басым қаржыландыру бағыты. Барлығы сомасы 2 269,1 млн теңгеге қуаты - 4 488,8 га 30 жоба мақұлданды. Құны 1 908,3 млн теңгеге қуаты - 4 369,8 га 29 жоба Ұлттық қордан және бюджеттен тыс көздерден қаржыландырылды.
Жалпы алғанда, бүгінгі таңда құрамына «ҚазАгроҚаржы» АҚ кіретін «ҚазАгро» ұлттық холдингі компаниялар тобының Қарағанды облысының АӨК қаржыландыру көлемі 8,3 млрд. теңгені құрайды. Холдингтің инвестициялық қоржынында Қарағанды облысы бойынша 962 жұмыс орны құрылатын жалпы құны 19 млрд. теңгеге 24 жоба бар. Қазіргі кезде оның ішінде 616 жұмыс орынымен жалпы құны 10,1 млрд. теңгеге 16 жобасы іске қосылған.
Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін «ҚазАгро» ұлттық холдингінің компаниялар тобы арқылы жалпы қаржыландыру көлемі бүгінгі таңда 137,1 млрд. теңге құрайды, оның 120,1 млрд. теңгесі АӨК субъектілерін несиелендіруге бағытталған. Тамшылатып суару жүйелерін енгізу – холдингтің инвестициялық бағдарламасындағы 14 басым бағыттың бірі. Қазір «ҚазАгро» компаниясының инвестициялық қоржынында жалпы құны 279,5 млрд.теңге тұратын 444 инвестжоба бар. Құны 204,7 млрд. теңгеге 333 жоба (75%) іске қосылған.
Зульфия ТЕМИРГАЛИЕВА,
«ҚазАгроҚаржы» АҚ баспасөз хатшысы